Щучье-Көкшетау-Петропавл тасжолы ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Щучье-Көкшетау-Петропавл тасжолы ақылы болады

31.10.2019

Қазір жүйе тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Тиісті құрылғылар орнатылып, олар тексерілуде. Жол жүруге төлем алу «ашық жүйе» арқылы жүзеге асады. 

Оның еліміздегі басқа ақылы бағыттардан бірнеше ерекшелігі бар. Жолда шлагбаумдар, төлем қабылдау орындары мүлдем болмайды. Онлайн төлем, яғни көліктің мемлекеттік нөмері негізіндегі есепшотты алдын ала толтыру, ақшаны банктік деректемелер арқылы аудару сияқты тәсілдер қолданылмақ. Сондықтан жүргізушілердің жеке жауапкершілігі артады. 

Берік Хасенов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясының өкілі:

Қазір тарифтер белгіленбеген. Себебі оның әртүрлі есептеулері бар. Министрлік, түрлі мемлекеттік органдар оның барлығын қарап, бекіткеннен кейін барып қана тариф бекітіледі. Тарифты біз бекітпейміз.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу