Қостанайда республикалық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ұйымға бүгінде 800 мыңдай адам мүше. Өңірлерге байланысты оның міндеттері де сан алуан. Мысалы, оңтүстігіндегі кеңес балиғатқа толмаған қыздардың ерте тұрмыс құрып, балалы болуы мәселесімен күрессе, Қызылорда облысында аналарға жұмысшы мамандығын игеруге жәрдемдеседі.
Тұтастай алғанда, кеңес отбасылық құндылықтарды сақтаумен қатар, қайырымдылық шараларының ұйтқысына да айналды. Ондағы мақсат – қоғамды бірлікке ұйыту, мұқтаждарға көмек қолын созу.
Мухаббат Миражапова, Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:
Білесіз бе, көптеген әйелдер тіпті баласының куәлігі болмаса, соны әкімдік қашан әкеп береді деп отырады. Ол дұрыс емес. Алдымен өзі әрекет етуі керек. Бәрін заң аясында талап ете білсе, Үкімет көмегін аямайды.
Дәуренбек Әбдібек