Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі талқыланды

30.10.2019

Қазақстан 2030 жылы қалдықтарды өңдеу бойынша Франциямен теңеседі. Бұл туралы «Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы» тақырыбында өткен «Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының форумында айтылды. 

Францияда өңделетін тұрмыстық қалдықтардың 65 пайызы қайталама шикізат ретінде қолданылады. Ол заңмен реттелген. Сондықтан Қазақстан экокод бойынша Францияның тәжірибесіне сүйенеді. Еліміз жасыл экономикаға өту тұжырымдамасына сәйкес қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 2030 жылы - 40, 2050 жылы 50 пайыздық көрсеткішке жетуі керек.  Экологиялық кодекстің жаңа редакциясы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, министрлік қатты тұрмыстық қалдықтарды жағу мәселесін қарауда. Бұл орайда Францияның мол тәжірибесін қолдануға болады.

Жерар Фриес, «Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының президенті:

Әлемдік проблемадан Қазақстан да тысқары қала алмайды. Өзара тәжірибе алмасу арқылы біз мәселені шешеміз. Қалдықтардан жасалған материалдардың кем дегенде 50 пайызы екінші мәрте өңдеуге жіберілуі керек. Бұл біздің елімізде жақсы жолға қойылған. Үйретеріміз көп.

Ақерке Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу