Семейде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Ашық әкімдік» жобасы іске асты. Оның аясында қалада тұрғындарға түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсететін фронт-офис ашылды. «Бір терезе» қағитады негізінде жұмыс істейтін офис тұрғындарды әкімшіліктің табалдырығын тоздырып, уақытты бос шығындаудан арылтады. Барлық қажет көмек енді осы жерден жүзеге асады.
Фронт-офисте қалалықтардан өтініштер қабалданып, түрлі саладағы мемлекеттік қызметтер бір жерден көрсетеді. Халық бұрынғыдай жауапты бөлім басшылары немесе мамандардың есігін қағып жүрмейді. «Бұл әдіс сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюына сеп болады»-дейді мамандар.
Жігер Байдилдин, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
Кез келген тұрғын осы «Ашық әкімдікке» келіп, өзінде болған проблемаларды көрсетеді. Сол бойынша осы мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес онлайн режимде оған тез арада көмек көрсетіледі.
Ержан Жақып