Елордада «ХХІ ғасыр жастары – объективте» фотокөрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «ХХІ ғасыр жастары – объективте» фотокөрмесі өтті

28.10.2019

ХХІ ғасыр жастары – объективте. Елордада осындай атаумен Жастар жылына арналған фоткөрме өтті. Украин халық шығармашылығының IV халықаралық фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, Жастар жылына арнап, өз қолөнер туындыларын, фотосуреттерін көрмеге қойып, көпшілікке ұсынды. Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру. 

Любовь Клименко, Украин этномәдени бірлестігінің мүшесі:

Біз бөлектенбейміз және өзімізді бөтен сезінбейміз. Себебі біз - үлкен бір отбасының мүшесіміз. Ұлтымыз бөлек болғанымен, отанымыз бір халықпыз. Ал осындай шаралар арқылы бірлігіміз одан әрі арта түсетіні анық.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу