Басты Жаңалықтар Жамбылдық кәсіпкерлер студенттерге кәсіптің қыр-сырын үйретіп жүр

Жамбылдық кәсіпкерлер студенттерге кәсіптің қыр-сырын үйретіп жүр

Қазір 25 мың студент мамандығана сәйкес кәсіпорындар мен шаруашылықтарға жіберілген. Өңірдегі билік пен бизнес өкілдері бұл әдіс жұмыссыздық мәселесін шешуге сеп болады дейді. Қабілетіне қарай қарекет етуге баулитын жоба арқылы мыңдағын жас тұрақты жұмысқа орналасуда.

Құлан агротехникалық колледжінің студенті Тілек Тұрсыналы аудандағы іргелі шаруашылыққа тежірибеден өтуге келді. Болашақ фермер мұндағы барлық жұмысты бақылып жүреді. Шаруашылықты жүргізу мен сүт өнімдерін өндіру, тіпті саудалауға дейін санасына сіңірген. 

Тілек Тұрсыналы, студент:

Айтады ғой, көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсеңді ұмыстпайсың деп. Бұрын апаларымыз күбіні қолмен шайқап отырса, мұнда бәрі автоматттандырылған. Уақытқа тиімді. Көлемі көп.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Өңірдегі 35 кәсіптік колледжде дуальді оқыту жүйесі енгізілген, қазір 193 шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарда 25 мыңнан астам студент теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруда. Қазірдің өзінде 4 мыңға жуық студент осы кәсіпорындарда жұмыс істеуге шақырту алған.

Қазір студенттер мамандықтары бойынша топ-топқа бөлінген. Ал кәсіпорын мен шаруашылықтардан бекітілген тәлімгерлер жас мамандарға бар білгенін үйретеді. Үйретіп қана қоймай, қабылетіне қарай бағалауы тиіс.

Тұрлыхан Оразбаев, Жамбыл политехникалық колледжі директорының орынбасары:

Біздің студенттердің қолында күнделік бар арнайы. Күнделікті атқарған жұмысын жазып, тәлімгерлері бағалайды. Соңында осы тәжірибеден өту барысында біздің студенттерге өндірістік мінездеме беріледі. 

Жамбыл облысындағы кәсіптік білім беретін 48 колледж жұмыс істейді. Онда 93 мамандық бойынша 27 мыңнан астам студент білім алуда. Алайда кәсіптік білім алғандардың жұмысқа орналасып кетуі күрделі мәселеге айналған. Мамандар мұндай методика жастардың жұмысқа жаппай орналасуына мүмкіндік береді дейді.

Сәбит Әлдебай

Бөлісу