Маңғыстау облысында 120 отбасы қоныс тойын тойлайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 120 отбасы қоныс тойын тойлайды

21.10.2019

Маңғыстауда көп балалы аналар қоныс тойын тойлап жатыр. Қарақия ауданы Құрық ауылында 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, осынша жанұя қуанышқа кенелді.

4 қабатты 5 үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген. Жоба құны - 835 миллион теңге. Баспаналар тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне, аз қамтылған отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға берілді. Ауданда бұдан бөлек, тағы да 144 пәтерлі тұрғын-үйдің құрылысын салу жоспарда.

Күләш Өмірзақова, көп балалы ана:

Мен көп балалы анамын. Өте қуаныштымын. 2009-да бердім арызды. 2019-да алдым. 10 жыл күттім үйімді. Қуанышымда шек жоқ.

Назым Ақсүйгенова, Құрық ауылының тұрғыны:

2 топтағы мүгедекпін. Құрық ауылының тұрғынымын. Бүгін баспаналы болып жатырмын. Бәріне де құтты болсын, көптен күткен баспанамыз.


Хабарламаларға жазылу