Ақмолада әлеуметтік нысандардың қызметіне қатысты қабылдау өтті
Жолдың сапасы, баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік нысандардың қызметі. Кеңейтілген қоғамдық қабылдауға келген ақмолалықтар осындай өткір мәселелерді көтерді. Тұрғындарды облыс әкімі, басқарма жетекшілері, департамент басшылары қабылдады. «Ашық әкімдік» жобасы аясында мұндай шара тұңғыш рет өтіп отыр.
Батима Әлібекова қоғамдық қабылдау болады дегенді естіп, ауылдан облыс орталғына арнайы келді. Ол - Еңбек ауылының тұрғыны. Елдімекен аудан орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан. 1 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдың басты мәселесі - жолдың сапасы.
Батима Әлібекова, Еңбек ауылының тұрғыны:
Қазір жүруге болмайды. Мынау жаңағы шұңқырлары жаңағы өте жаңағы грубокий. Бірінің үстінде бірі тұр. Сондықтан мені бүкіл ел ақша беріп түгел, машина беріп түгел шығарып салды. Хат жаздық. Хатқа 150 адам қол қойды.
Қойылған сұрақтардың сипаты сан алуан. Бірі жеке мәселесін айтса, енді бірі көпшіліктің ойын жеткізуге келген. Баспанаға қол жеткізу, жұмысқа орналасу, жер алу, су мен жылуға қатысты арыз-өтініштер көп айтылды.
Сәулеш Доли, Бұланды ауылының тұрғыны:
Бұланды орта мектебінен келіп тұрмын. Біздің мектебіміз биыл оқу жылында аварийный болып жабылып қалған. Сондықтан келісі жылы бізге жаңадан мектеп салып берсе деген сұрақтармен ата-аналар және мұғалімдер, бірнеше мұғалім жиналып, мектеп ұжымының атынан, ауылдың атынан келген болатынбыз.
Қайырсерік Мұқашев, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Мен осы қаланың тұрғынымын, Затаевич көшесінің. Біздің жақ дачный деп есептеледі. Халық көп тұрады.
Қоғамдық қабылдауға 100-ден астам адам келді. Олар айтқан мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жергілікті билік өкілдері әрбір сұрақ бойынша жауап беріледі, шешім қабылданады деп сендірді.
Марат Иғали, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:
Кейбір сұрақтар бір күнде шешетіндер де бар шығар. Бірақ та көбінесе, сұрақтар деген бір күнде шешілмейді. Ол деген қаржыға байланысты. Жол жоқ дейді, свет жоқ дейді. Оны жаңағы бюджетке кіргізу керек. Қарастыру керек, жасау керек пе, керек емес пе. Көп нәрсе бар, қарастырамыз.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы