Елордада жыл басынан бері жол апатынан 5 бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жыл басынан бері жол апатынан 5 бала қаза тапты

18.10.2019

Елорда да жыл басынан бері жол апатынан 5 бала қаза тапты, тағы 83 жеткіншек зардап шекті. Жол-көлік оқиғалары мектеп маңдарында болмаған. Полицейлер мұны оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары мен байланыстырады. Себебі білім беру нысандарының алды арнайы сары және ақ жолақтармен боялып, ақпараттық белгілер орнатылған. Апат саны былтырмен салыстырғанда өскен. Яғни зардап шеккендер саны 74. Ал көз жұмған үшеу. Жалпы қауіпсіздік туралы ата-аналар балаларына үнемі ескертіп отырулары тиіс. Сондай-ақ мамандар көлік жүргізу және жолдан өту мәдениеті төмен екенін жасырмады. Қазір оқушыларды бақылау көбінесе мектеп айналасында жүргізіледі екен. Оның үстіне қалаға 30 инспектор жетіспейді.   

Гүлмира Шрахметова, Полиция департаменті ЮПБ инспекторы:

Полиция қызметкерлерінің барлығының бірдей оған шамасы жете бермейді. Мектеп пен білім беретін мекемелердің аумағын қамтып алсақ. Біздің мектептерде бекітілген полиция инспекторлары күнделікті таңертеңгі жұмысын содан бастайды. Мектептің маңайындағы люктер ашық қалды ма, жарықтар жанып тұр ма, видеокамералар істеп тұр ма?

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу