Алматыда "Педагогикалық идеялар панорамасы" атты республикалық байқаудың өңірлік кезеңінде үздік атанған жеңімпаздар марапатталды. Бұл шара биыл "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен 2-рет өтіп отыр.
Оған ақпан айынан бастап 100-ден аса өтініш келіп түскен. Солардың ішінен 67 жұмыс іріктелді. Білім жарысына мектепке дейінге, орта білім, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының ұстаздары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Жиналғандар секция бойынша тәжірибелі мамандардың дәрістерін тыңдады. Ал енді қалалық кезеңде оқ бойы озық шыққан мұғалімдер республикалық сайыста бақ сынамақшы.
Майра Белгібаева, байқаудың үйлестірушісі:
Бұның барлығы конкурстың қорытындысы бойынша «Өрлеу» ұлттық орталығының Ютуб каналындағы өзіміздің базаға салынады. Соның ішінен жаңадан бастап жатқан мұғалімдер және де тәжірибесін одан әрі жетілдерімен деген мұғалімдер алып өз тәжірибесінде қолдануға болатын өте бір керемет әдістемелік көмек ретінде ұсына аламыз.
Руслан ҚОСАНОВ