Қазақстан мен Вьетнам арасында алыс-беріс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Вьетнам арасында алыс-беріс артады

18.10.2019

Екі ел сауда-саттық көлемін жандандырудың жаңа жолдарын іздеп жатыр. Әсіресе, біздің тарап жеңіл өнеркәсіп саласында байланысты бекемдеуге бейіл. Вьетнамдық инвесторларды көптеп тарту ісі жүріп жатыр. Бүгін Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда тарау айналымын арттыру, барыс-келісті жандандыру мәселелері қаралды. Жалпы осыдан 4 жыл бұрын қос тараптың тауар айналымы 50-60 миллион доллар көлемінде болса, былтыр бұл көрсеткіш бірнеше есеге өсіп, жарты миллиард долларға жеткен. 

Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Вьетнам - Тігін әлемінің шеберіне айналған ел. Брендтік киімдердің басым бөлігі осы елде тігіледі. Өнеркәсіпті терең меңгерген. Осы мақсатта біздің олардан үйренеріміз көп. Бірлескен жобаларды қолға алуға ниеттіміз.  

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу