Ауылдың дарынды балаларын анықтайтын жеке жол картасы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдың дарынды балаларын анықтайтын жеке жол картасы құрылады

17.10.2019

Ауылдың дарынды балаларын анықтайтын жеке жол картасы құрылады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. Ақпаратқа сәйкес, карта – алыстағы ауыл-аймақта тұратын, сондай-ақ, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардан шыққан таланттарды тауып, олардың қабілеттерін қолдауға бағытталмақ. Әлбетте қала мен ауыл баласының олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына қатысуына тең мүмкіндік беру. Себебі бұған дейін қолданыстағы жүйе – білім беру сапасына байланысты тек алып шаһар балаларын қамтып келді. Осы олқылықтарды ескерген білім саласының мамандары, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жою үшін ең алдымен педагогтар сапасына екпін қоймақ. «Себебі білімді шәкіртті білікті ұстаз дайындайды»,-деді вице-министр.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Бүгінгі күні пәндік олимпиадаларға қатысу жүйесі ауылдық балалардың ас қатысып отырғанын көрсетіп отыр. Оның себебі пәндік білімдерінің қалалық білімнен төмен болуы себеп шығар. Қазір жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық жерлерде оқитын балалардың нақты логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға байланысты жұмыстар реттеліп, басқа олимпиада өткізу жұмыстары қолға алынды.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу