Облыстық еңбек инспекциясы соңғы 9 айды қорытындылап, берешек мекемелердің атын әшкере етті. Соның қатарында «Қыран» футбол командасы бар. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемеде 113 адам жұмыс істейді. Әзірге оның 4-уі ғана шағымданған. Тексеріс нәтижесінде команда әкімшілігі осы 4 адамға 1 млн 970 мың теңге қарыз екенін анықтаған. «Ал қалған қызметкерлер арызданса, команданың берешегі 137 млн теңгеге жетеді»,-дейді еңбек инспекторлары.
Жұмысшыларына жалақы қарыз компаниялардың бірі - «Арыс» санаториясы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 10 қызметкеріне 3,5 млн теңге қарыз. Облыстың еңбек инспекциясы еңбек шартын бұзған осы мекемелерге нұсқау беріп, айыппұл салды.
Алмасбек Мамытбеков, облыстық еңбек инпекциясы жөніндегі басқарма башысы:
Жалпы 2019 жылдың 9 айында еңбек инпекциясына 817 арыз-шағым түсті. Оның 285-і тексеру арқылы жауап берілген болса, 230-на түсіндірме берілді. 81-і басқа органдарға жолданды. 129-ы қарсы арыз негізінде бақылаудан алынды.