Сәулет-құрылыс саласында заңды бұзғандар жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәулет-құрылыс саласында заңды бұзғандар жауапкершілікке тартылды

17.10.2019

Ақмола облысында жаңа нысандардың қолданысқа беру құжаттарының жартысынан астамы тиісті құзіретті мекемелермен келісілмеген. 2019 жылдың 9 айында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 599 пайдалануға беру құжатын қараған. Олардың көбі талапқа сай болмай шықты. Құрылыс алдын ала бекітілген жобалық-сметалық құжат бойынша салыну керек. Алайда, оның дайын болғанын күтпей-ақ, жұмыстарды бастап кеткен компаниялар бар. 

Жауапты мекемелерді ескертпей, өз еркімен жобаны өзгерту, құрылыс материалдарын ауыстыру деректері де азаймай тұр. Мамандар мұндай ауытқулардың салдары ауыр болуы мүмкін дейді. Себебі құрылыс кезінде барлығы жан-жақты қаралуы тиіс. Айта кету керек, заңбұзушылықтар көпқабатты тұрғын үйлерді салуда және бюджет есебінен бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандарда көп кездеседі екен. Осы деректер бойынша Көкшетау мен Атбасар қаласы алда тұр. 

Жанар Айтмағанбетова, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы маманы:

51 жоспардан тыс тексеріс өткізді. 99 профилактикалық қадағалау және бақылау шаралар жүргізілді. Осы тексеріс пен қадағалау-бақылау шаралардың қорытындысы бойынша 214 субъект жауапкершілікке тартылып, 35 миллионнан астам айыппұл төленді.  

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу