Балпық би ауылында қариялар бата беруден жарысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балпық би ауылында қариялар бата беруден жарысуда

17.10.2019

Биыл Жетісу өңірінде өмір сүріп, жау шапқанда қол бастаған, дау туғанда сөз бастаған атақты Балпық бидің 325 жылдығы. Тарихи тұлға - Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауды ығыстырып, одан кейінгі қазақ елінің бірігуіне үлес қосуымен есте қалған әрі батыр әрі би. Баба рухына тағзым етіп, ерлігін ұрпаққа өнеге етуді парыз санаған жетісулықтар бидің 325 жылдық мерей тойын дүбірлетіп тойлауға кірісті. 

Балпық би ауылында батагөй қариялардың сайысы басталды. «Бата сөзі - ата сөзі» атты шара туралы тілшіміз Қуаныш Қанатұлы баяндайды.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

«Таудан аққан тас бұлақ, ол да құяр теңізге, Арамза адам көз салар, мал ішінде егізге, Атадан жаман туса да, тартпай қоймас негізге» деп өсиет сөз қалдырған Балпық би бабамыздың 325 жылдығы аясында өтіп жатқан сайысқа еліміздің 6 өңірінен 13 қария қатысып отыр. Басына бөрігі, иығына шапаны жарасқан ақсақалдарымыздың ақ батасына жиналған қауым зейін қойып тыңдап, «Әумин!» деп бет сипап жатыр.

Жетісу төрінде Балпық бидің 125 жылдығы осындай рух беретін игі шаралармен тарихымызда қалып жатыр. Жаңа ғана Текелі қаласында жазба ақындардың мүшайрасы мәресіне жетті. Дүбірлі той Қаратал ауданында және Талдықорғанда өз жалғасын табады.


Хабарламаларға жазылу