Интернеттегі алаяқтыққа байланысты елімізде жыл сайын 100-ден астам қылмыстық іс қозғалады. Көбінде ақпараттың авторлық құқығы қорғалмайды. Бұл туралы Әділет министрлігі мен дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы өткізген семинар барысында айтылды. Мамандардың сөзінше, елімізде ғаламтордағы авторлық құқыққа қатысты жаза жеңіл. Қылмыстық жазаға байланысты, ең көп дегенде, адамдар 4 жылға бас бостандығынан айрылады. Ал әкімшілік жаза бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Осы мәселеде Қазақстан Еуропа тәжірибесін үйренбек.
Мейіржан Төлепов, ҚР Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры:
Тауар таңбаларын құқық иеленушінің рұқсатысыз қолданса, ол әкімшілік айыппұлға тартылады. Халықаралық тәжірибені қарастырамыз міндетті түрде. Өйткені мен айтқандай, бұл күрделі мәселе. БІр күнде шешілетін мәселе емес.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ