Шекаралас мемлекеттерге бензин мен дизель тасуға шектеу қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекаралас мемлекеттерге бензин мен дизель тасуға шектеу қойылады

16.10.2019

Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерге елімізден бензин мен дизель әкетуге шектеу қойылады. Енді көрші елдердің азаматтары Қазақстанның жанар-жағар майын арнайы зауыттан шыққан машиналарға немесе 20 литрлік ыдысқа құйып қана тасымалдай алады. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Оның сөзінше, елдегі бензиннің төмен бағасы өзге елдің экономикасын субсидиялап отыр. Сол үшін алдағы күндері Энергетика министрлігі, Мемлекеттік кірістер және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, жарлыққа қол қоймақ. Айта кетейік, министр журналистерге берген сұхбатында алдағы 1,5 айда белде бензин бағасы тұрақты болатынын жеткізді.  

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Елде бензин мен дизель бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады. Бұл тұтынушы үшін тиімді. Алайда жанар-жағар майдың құнын алдағы уақытта кезең-кезеңімен көрші елдермен теңестіру жоспарда бар. Мәселен, Қазақстан мен Ресей арасында баға айырмашылығы 100 теңге көлемінде. Осындай шараларды қолға алмасақ, шекарада жемқорлық фактілері көбейе бермек.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу