Атыраудағы «Сарайшық» қорығы Астрахань және Волгоград облыстарындағы музейлермен іскерлік байланыс орнатты
Атыраудағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы, Ресейдің Астрахань және Волгоград облыстарындағы музейлермен іскерлік байланыс орнатты. Осы мәмілеге сәйкес, енді екі елдің музейлері көшпелі көрмелер ұйымдастырып, өзара тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр. Мұндағы мұражайларда «Алтын орда» дәуірі мен сарматтар кезеңінен қалған жәдігерлер жақсы сақталған. Қазақстандық ғалымдардың айтуынша, бұл мұралар өткенімізбен етене жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ресейлік мамандар археологиялық қазба жұмыстарын да бірге жүргізуге ниетті. Алдағы уақытта «Құрманғазы» музейіндегі 33 мыңнан астам жәдігер Қазақстан жұртшылығына таныстырылмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22