Алматы облысында жыл басынан бері сыбайлас жемқорлықпен 51 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың тоғызы - бірінші басшылар. Бұл мәліметтер «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты басқосуда айтылды. Жиынға өңірдегі жоғарғы және арнаулы орындардың студенттері мен оқытушылары, «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшылары қатысты. Шара барысында «Ізгілік елшісі» жобасы таныстырылып, агентттіктің жаңа мақсат-міндеттері түсіндірілді. Сондай-ақ "Жетісу -адалдық алаңы" кеңсесінің жобалары да назарға ұсынылды. Бұл жобалық кеңсе жемқорлықпен күресте тың әдістерді қолға ала бастаған.
Аманжол Жазықбаев, «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекешісі:
Конвертте тек қана хат болу керек деген жоба өткіздік. Бұл жерде қазір былай қарасақ ешкім хат жазбайды. Конверт соңғы уақытта пара беруге айналып кеткен құрал. Сондықтан біз конвертке балалардың көркемөнер суреттерін, жемқорлыққа қарсы шығармашылық суреттерін салып, мекеме басшыларына арнайы жолдадық.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ