Алматыда бүркіттің балапандары еркіндікке жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бүркіттің балапандары еркіндікке жіберілді

15.10.2019

Алматыда «Сұңқар» тәлімбағында қолда өскен бүркіттің балапандары еркіндікке жіберілді. Бұл "Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал" атты әлеуметтік жоба аясында 2012 бері іске асып келеді. Кейінгі жылдары тәлімбақта 25 балапан өсірілді. Мамандардың сөзінше, қанаты қатайған балапандарды біртіндеп әр жерден ұшырады. Қазір Үлкен және Кіші Боғыт аумағындағы қыран құстың өсімі үш есеге дейін артты. Жалпы, қазақ халқы жеті қазынаның бірі ретінде бүркітті айрықша дәріптеген. Сондықтан «Көк аспанның әміршісі», «Дала сермендесі», «Болат тұмсық» деген сиқяты теңеулерді қолданып, бағалаған, құрметпен қараған.

Бұл "Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал" атты әлеуметтік жоба аясында 2012 бері іске асып келеді. Кейінгі жылдары тәлімбақта 25 балапан өсірілді. Мамандардың сөзінше, қанаты қатайған балапандарды біртіндеп әр жерден ұшырады. Қазір Үлкен және Кіші Боғыт аумағындағы қыран құстың өсімі үш есеге дейін артты. Жалпы, қазақ халқы жеті қазынаның бірі ретінде бүркітті айрықша дәріптеген. Сондықтан «Көк аспанның әміршісі», «Дала сермендесі», «Болат тұмсық» деген сиқяты теңеулерді қолданып, бағалаған, құрметпен қараған.

Руслан ҚОСАНОВ


Хабарламаларға жазылу