Қарағанды облысында елік атқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында елік атқандар ұсталды

15.10.2019

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Нарманбет ауылы маңында елік атқандар ұсталды. Полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы барысында «Нива шевролет» маркалы автомобилін тоқтатқан. Көлікте 39 және 40 жастағы екі ер адам болған. Тінту кезінде жүк салғышта елік еттері және 12 калибірлі екі мылтық табылған. Ұсталған азаматтардың қолында аңшылық құруға рұқсат етілгені жөніндегі құжаттары болмағандықтан оқиға орнына Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақыртылған. Қазір браконьерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Жанатай Сембеков, облыстық Полиция департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Үш бас еліктің еті анықталды. Сондай-ақ, жаңағы автокөлікке жалған номер тағылғаны анықталды. Бүгінгі таңда аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 337 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу