Ақ үй басшысы мұндай шешімді Анкара Сирияға әскер кіргізіп, операция бастағаны үшін қабылдаған. Және де Трамп президент Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, оны атысты тоқтатуға шақырды. Сонымен қатар, Трамп Түркиямен 100 миллиард доллардың сауда келісімін жасауды доғарып, оның болатына тарифті 50 пайызға көтеретінін ескертті.
Түркия қарулы күштері Сирияның солтүстігіне өткен аптада енді. Бұл науқанның мақсаты – араб республикасының теріскейінен күрд отрядтарын ығыстыру және сол территорияларға кезінде Түркияға қашқан миллиондаған сириялық босқынды қайтару.
Күрдтерге көмектесу үшін өткен тәулікте Сирия армиясы солтүстікке аттанып, Манбидж қаласына кірген. Түрік сарбаздары мен оның жергілікті одақтастары қазір сол қаланың маңына жиналып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК