Елімізде «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр
Елімізде «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полицейлер үлкен күре жолдарда жолаушы тасымалдайтын ірілі-ұсақты көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр.
Тек Түркістан облысында 4 күннің өзінде 1421 жол ережесін бұзғандар анықталды. Атап айтсақ, адам толы көлік тізгіндеп келе жатып, ұялы телефон болмаса рациамен сөйлескен 293 жүргізушіге айыппұл салынды. Жылдамдықты шектен тыс асырған 88 жүргізушіге хаттама толтырылды. Жолаушы тасымалдаумен заңсыз айналысқан 17 адам ұсталды. Рейдтік шара барысында жүктерді дұрыс тиемеген 206 жайт, көлігін заңсыз қайта жабдықтаған 70 адам, міндетті техникалық байқаудан өтпеген 23 көлік анықталды. Рейс алдында техникалық тексеруден, дәрігерлік бақылаудан өтпеген 14 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22