Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев мезгілінен бұрын қамаудан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев мезгілінен бұрын қамаудан босатылды

11.10.2019

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы оның қорғаушысы Мәди Мырзағалиев хабарлады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, ол мемлекетке келтірген шығынды толық өтеген. Сондай-ақ Бишімбаев Президенттен кешірім беруді сұрап өтініш жазған. Осылайша, рақымшылыққа ілінген сотталушының жаза мерзімі қысқарып, уақытынан бұрын босап шықты. Еске сала кетсек, Шымкент қаласында жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған еді. Өткен жылдың наурызында бұрынғы ұлттық экономика министрі мен осы іске қатысты өзге де айыпталушыларға үкім шықты. Сот үкімімен Қуандық Бишімбаевтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Сонымен бірге, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Бұған дейін экс-министр өзіне тағылған айыпты мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан еді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу