Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Атырауға іссапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Атырауға іссапармен барды

11.10.2019

«Шетелдік жұмысшыларды тартатын компаниялар, қазақстандықтардың құқығын сақтауы тиіс». Атыраудағы мұнай - газ өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездескен , Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді. Іссапар барысына, Біржан Нұрымбетов алпауыт кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен және жұмысшыларға жасалған жағдаймен танысты. Жалпы компанияда3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның үш жүздейі шетелдік маман. Министр еңбек заңнамасын бұзбауды және жалақы төңірегіндегі проблемаларды болдырмауды тапсырды. Жыл басынан бері аймақта 364 жұмыс беруші 9 мыңнан астам шетелдік азаматты жұмысқа алған.  

Біржан Нұрымбетов, Қр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Шетелдік жұмыс күшін тартып жатқан компанияларда тұрмыстық еңбек жағдайлары әртүрлі жасалып, өзіміздің ұлттық мамандар мен шетелдік мамандар. Бүгінгі қарап отырған «Болашақ » зауытымызда бұл бір үлгілі тәртіп бар екен. Көзім жетті. Жататын жатақханалары, олардың жұмыстан кейінгі уақытын өткізу, спортпен шұғылдану жағынан бұл жерде жағдай жасалған екен. 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу