Ресей сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ресей сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Ресей сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров елімізге ресми сапармен келді. Көрші мемлекеттер арасында ынтымақты байланыс бар. Бұл - еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Алдағы уақытта да ол жалғасын табады. 

Бүгін екі елдің сыртқы істер министрлері кездесу барысында бірқатар маңызды келіссөздер жүргізді. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелер, Орталық Азиядағы, Украина мен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілері, екі елдегі халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

Келіссөздер кезінде екіжақты қарым-қатынас мәселелері ғана емес, көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы да талқыланғанын атап өткім келеді. Ресейлік әріптесіммен Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін толыққанды пайдалану мүмкіндігін талқыладық. Алда өтетін жоғары деңгейдегі халықаралық шаралардың кестесіне де назар аударылды.


Бөлісу