«Үміт» жетімдер үйінде тәрбиешілер кішкентай балаларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үміт» жетімдер үйінде тәрбиешілер кішкентай балаларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған

08.10.2019

Таразда балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде «Үміт» балалар үйінің бүлдіршіндеріне қатігездікпен қараған тәрбиешінің бейнежазбасы тараған болатын. Тергеп, тексеру барысында бейнебақылау камераларының жазбалары сарапталып, қызметкерлерден жауап алынған. Ал істі жіті қадағалауға алған Полиция департаменті мейірімге зәру балғындарға күш көрсеткен 54 жастағы тәрбиешіні сот шешіміне дейін лауазымынан босату туралы ұсыныс жолдаған.  

Мақсат Ережепов, ІІД тергеу басқармасының бастығы:

ҚР қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сәдит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу