Басты Жаңалықтар Атырау облысындағы перинаталдық орталықтың 31 дәрігері жұмыстан шығу туралы арыз жазды

Атырау облысындағы перинаталдық орталықтың 31 дәрігері жұмыстан шығу туралы арыз жазды

Олардың жаппай бас көтеруіне, өздері қызмет етіп жүрген перзентхана төңірегінде айтылған сұмдық деректер себеп. Жан-жақтан соққы болып тиіп жатқан психологиялық һәм моральдық қысымнан дәрігерлер мезі болғандарын айтады. Нақтылай кетсек, өткен аптада перзентхананың директоры пара алды деген күдікпен ұсталды. Кейін жемқорлыққа қарсы агенттік, аталған денсаулық сақтау мекемесінде дүние есігін енді ашқан шақалақтың өлтірілгенін хабарлаған еді. Соңғы оқиғалар жайында тілшіміз Жандос Темірғали айтып береді. 

Перзентханада жаңа туған сәбидің өлтірілгені туралы хабар шыққалы, жұрттың жағасын ұстатып, елді естен тандырды. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша, жауыздыққа барған дәрігерлер көрінеді. Қайғылы жағдайдың, себептерін есту де ауыр. Ақхалаттылар базаға қате енгізілген құжатты қайта рәсімдегісі келмеген. Мекемеге бас сұқтық. Мұндағылар бастапқыда бізден үрке қашып, қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. 

Дәл қазір облыстың бас дәрігері Мәншүк Аймұрзиева барлық осындағы мекеме қызметкерлерін жинап, жиналыс өткізіп жатыр. Бірақ бізді кіргізбеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай есікті құлыптап тастады. Аслан Жеңісұлы, облыстық Перинаталдық орталықтың баспасөз хатшысы:

Жандос, тергеу амалдары жүруіне байланысты ешқандай ақпарат таратуға жатпайды. Түсінікті ғой иә.

Перзентханада 62 дәрігер еңбек етуде. Олар, жантүршігерлік ақпараттың өздеріне соққы болғанын айтады. 

Айгүл Шмалина, облыстық Перинаталдық орталықтағы босану бөлімінің меңгерушісі:

Іште бізде қазір, әйелдер, жүкті әйедер жағынан біздерге психологиялық қысым. Себебі олардың бәрі бізді, дәрігер деп санамайды. Осы жерде баламен ананы, өлтіретін қылмыскерлер ретіндеміз. Осы жерде отырған ақхалаттылардың барлығы да қылмыскер. Тек осындай себептен ғана жұмыстан кету туралы арызды жаздық. 

Аймақ прокурорларының мәліметінше, соңғы екі айда 42 шарана шетінеп кеткен. Қолдағы бар ақпаратқа сай, өткен жылдың соңғы 10 айында өңірде 13 865 нәресте дүниеге келген. Оның 130-дан астамы көз жұмған.

Маншүк Аймұрзиева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұрынғы жылдары, алдыңғы5-6 жылдары осындай жағдай болған. Бұл одан тым асып кетті деген ештеңесі жоқ. Дегенмен, бұл өзімізді ойландыратын жағдай. Не себептен болды деп. Сондықтан осы жерде кқөп мамандар жұмыс жасауда.

Елді дүрліктірген жағдайға байланысты Президент әкімшілігі де денсаулық сақтау министріне тапсырма берді. Атырау облысында сәбилер өлімінің не себептен көбейіп кеткенін анықтап, зерттеп, алдын алу міндеттелді. 

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: 

Мен баланың анасы мен отбасынан кешірім сұраймын. Кез-келген емделушіні жоғалту – туысқандарының емес, жалпы қоғамның трагедиясы. Бұл жерде оқиға қалай болғанын зерттеу нәтижесі анықтайтын болады. 

Қайғылы іске қатыса бар кінәлілер жазадан құтыла алмайды. Ал, жазықсызбыз деп шыр-пыр болған ақхалаттылар, Президентке ашық хат жолдап араша сұрамақ. Қазір аймаққа, Елордадан арнайы комиссия келіп, зерттеу жүргізіп жатыр. Ал, нәрестені тірідей тоңазытқышқа салып өлтірген оқиғаға қатысты қазірқылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ



Бөлісу