Дәрігерлердің қателігі дәлелденгенше оларды қамауға алу дұрыс емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлердің қателігі дәлелденгенше оларды қамауға алу дұрыс емес

07.10.2019

Жалпы, соңғы 3 жылдың ішінде елімізде медицина қызметкерлеріне қатысты 250-ден астам іс қозғалыпты. Естеріңізде болса, жақында Алматыдағы нөмірі 4-ші клиникалық ауруханада болған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Медициналық мекеменің бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен клиниканың анестезиологы Асқар Тұңғышбаев «Кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне кінәлі» деп тұтқындалған болатын. Алайда, күдікті деп айып тағылғандар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа шықты. «Осы сияқты жағдайларда қылмыс дәлелденбейінше медицина мамандарын қамауға алу дұрыс емес»,- дейді Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ өкілдері. Мұндай әдіс әлемнің бірде-бір елінде жоқ деп отыр олар. Сол себептен, мамандар қолданыстағы заңға өзгерістер енгізуді ұсынбақ.

Бақытжан Тәжібай, ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының қалалық филиал төрағасы:

Біз 30 дамыған мемлекттің қатарында болуымыз керек қой, ол мемлекеттерді алатын болсақ, ондай ережелер жоқ. Олар керісінше, мүмкіндігінше барлық мединциденттерді зерттеп, алдын алуға әрекет жасайды. Қазіргі дәрігерлердің жағдайы мәз емес. Осындай қудалаулардың болуы, қылмыстық қудалаулардың болуы бәрін біз қателік деп санаймыз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу