«Бақытты отбасы» бағдарламасындағы алғашқы жарнаны алып тастауға депутаттар ұсыныс жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты отбасы» бағдарламасындағы алғашқы жарнаны алып тастауға депутаттар ұсыныс жасады

07.10.2019

«Бақытты отбасы» бағдарламасындағы алғашқы жарнаны мүлдем алып тастау керек. Бүгін Парламент мәжілісінде «Нұрлы Жер» бағдарламасының жүзеге асыруына арналған Үкімет сағатында депутаттар осындай ұсыныс жасады. Қазір көп отбасының баспана алуына кедергі болып отырған негізгі мәселе осы алғашқы жарнаны жинау. «Егер оны алып тастасақ, шын мұқта жотбасылардың көбі баспаналы болар еді»,- дейді төменгі палата мүшелері. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы біраз өгертіліп, ары қарай жалғастырылмақ. Әсіресе моно қалалар мен ауылдық жерлердегі үй құрылысына ерекше назар аудары қажет деп отыр депутаттар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов барлық ұсыныстарды жіті зерттеп, болашақта баспаналы болудың жаңа бағдарламаларын да ұсынуымыз мүмкін деп отыр.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі:

Бағдарламаны жалғастыру тұжырымдамасында біраз өзгерістер керек. Ол деген, мына, салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы. Содан кейін несиенің пайыздары. Әлде анау алғашқы жарна дейді ғой. Сол мәселелер.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу