Алматыда Шерхан Мұратазаның үйіне ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Шерхан Мұратазаның үйіне ескерткіш тақта орнатылды

07.10.2019

Алматыда халық жазушысы Шерхан Мұртазаның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Мұқан Төлебаев көшесінің бойындағы 98-ші үйде қаламгер 1985-2004 жылдар аралығында 20 жылға жуық өмір сүрген. Жазушыны еске алуға арналған салтанатты шараға қала әкімі мен шығармашылық өкілдері қатысты. Олар жиналғандарға Шерхан Мұртазаның ұлтымыз үшін жасаған ерен еңбегі мен құнды мұраларын кеңірек насихаттап, тереңірек зерттеу қажет екендігін айтты. Өйткені, елдің жүгін көтерген тау тұлға шығармашылықтан бөлек, қоғамдық маңызды істерге де белсене атсалысып, араласқан.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Шерхан Мұртаза тұтас қазақ журналистикасы мен әдебиетінде толайым орыны бар үлкен абыз ақсақал, тұлға. Қазақ ұлтының осы тәуелсіздік алған кезінде қалғып кетпеуі үшін, шырылдап айғайын салып ұлттың мүддесін қорғаған мемлекетшілдікті, елдікті ту еткен ардақты азаматымыз. +00:16:00 Сондықтанда халқымыздың есінде, жадында ұлт жанашыры ұлттың қамқоршысы, ұлттың шырақшысы ретінде Шерхан Мұратазның есімі қалады, сақталады. Және біз солай құрметтеп, ардақтауға тиіспіз деп ойлаймын. 

Амангелді СЕЙІТХАН






Хабарламаларға жазылу