Қалдырған ізің мәңгілік. Елордада осындай атаумен халықаралық мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Концертке бас қаланың білім саласында еңбек етіп жатқан 2 мыңнан астам маман қатысты. Мерекелік нөмірлер мектептегі сабақ түрінде өтті. Ондағы әр көрермен бірнеше сағатқа өздерін оқушы ретінде сезіне алды. Сондай-ақ жылдағы дәстүр бойынша үздік ұстаздар мен белсенді жас мамандар түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, Білім саласының құрметті қызметкері, Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі мен Білім және ғылым министрінің алғыс хаттары.
Алтынай Молдаханова, мұғалім:
Бұл атақ маған неше жылғы жұмыс тәжірибемнің, жұмыс өтілімнің болашақ ұпақты тәрбиелеудегі еңбегімнің ақталып жатқаны деп қараймын өзім. Бірақ бұл маған тағы да үлкен міндеттер жүйтейді. Бұнымен мен тоқтап қалмаймын. Ары қарай болашақты қалыптастыруда, еліміздің ертеңіне жауап беретін менде үлкен міндеттер тұр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ