Қызылордада күріш зауыты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада күріш зауыты ашылды

04.10.2019

Қызылордада «Абай Дәулет» серіктестігі күріш ақтау зауытын іске қосты. Сағатына 7 тоннадан астам өнім өндіретін кәсіпорын 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Толығырақ келесі бейнематериалда.

 «Сыр дәні» атауымен шығып жатқан күріштің сыртқы безендірілуі де өзгеше. Жаңа зауытты аралап көрген облыс әкімі өнідірістің жұмысымен танысты. Жалпы «Абай Дәулет» серіктестігінде күріш жармасын өңдеу мен оны сату жолға қойылған. Мұндағы технология Германия мен Оңтүстік Кореядан әкелінген.

Мұрат Сәрсенбаев, «Абай Дәулет» ЖШС директоры:

Бұл зауыттың қуаттылығы сағатына жетті тонна. Қазір күріштің ылғалдылығына байланысты бес тоннадан бастап 7 тоннаға дейін ақталады. Бұл күрішті Өзбекстан Тәжікстан, Қырғызстан сосын өзіміздің мемлекеттің өңірлеріне таратамыз.

Зауыттың басты ерекшелігі — күрішті ақтаумен қатар оның қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім шығаруға бейімделген. Бұл мал шаруашылығы үшін тиімді болмақ.

Мұрат Сәрсенбаев, «Абай Дәулет» ЖШС директоры:

Одан бөлек, құрама жем шығарып жатырмыз. Оның көп сұранысы Өзбекстаннан келіп алып жатыр. Қарамағымда 80-нен астам адам жұмыс істейді, айлықтары 100-120 мыңнан...

Биыл облыс бойынша 88 мың гектарға күріш егілсе, оның 5000 гектары осы шаруашылықтың еншісінде. Сапалы өнім дайындап, тұтынушының талабынан шығуды мақсат еткен серіктестік тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытына да қомақты қаржы құйып келеді.

Асқар ТӘЖИЕВ


Хабарламаларға жазылу