Талдықорғанда қала күні аясында көпбалалы аналар баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қала күні аясында көпбалалы аналар баспаналы болды

04.10.2019

Қаланың жаңа ықшам ауданынан бой көтерген 100 коттедждің кілті салтанатты түрде кезекте тұрған азаматтарға табыс етілді. 70 баспана көпбалалы отбасыларға берілді. Облыс орталығындағы коттеджді қалашықта 600-ден астам үй слау жоспарланған. Қазіргі таңда 155 жеке үйдің құрлысы жүріп жатыр. Нұрлы жер, 7-20-25 сынды мемлекеттік бағдарламарға сәйкес Алматы облысында биыл 100 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, құрылыс қарқыны 1,8 есеге өскен. Шаһар күнінде шаңырақты болған отбасылардың қуанышымен халық қаһарманы Айдын Айымбетов сынды өңірдің игі жақсылары бөлісіп, мерейлерін тасытты. Салтанатты жиында пәтер кілттерін сондай-ақ ауған соғысының ардагерлері де алды. Ал әр коттеджің аумағы 90 шаршы метр. 

Нұрриша Итаева, қала тұрғыны:

16 жыл очередьте тұрып міне қолымыз осындай үлкен зәулім коттедж үйге жетіп, бала-шағамызбен қуанып келіп тұрмыз. Бүгін үйдің кілтін алдық. Оның өзі біз үшін бір керемет бақыт. Бақытты,қуанышты сәт болды бізге осы кілтті алу. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу