Қоршаған ортаны ластағандарға қатаң жаза беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоршаған ортаны ластағандарға қатаң жаза беріледі

03.10.2019

Бұдан былай қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға заң қатаяды. Енді олар бұрынғыдай айыппұл төлеумен құтылмайды. Жаңа Экологиялық кодекске сәйкес, жауапсыз компаниялар ластаған аймақты қайта қалпына келтіруге міндеттеледі. 

Мамандардың мәліметінше, қазір қоршаған ортаны 80 пайыз ірі кәсіпорындар былғап отыр. Алдағы уақытта олар кәсібін одан әрі жүзеге асыру үшін кешенді экологиялық рұқсатнама алады. Сосын ең жақсы қолжетімді технологиялардың тізіміне енген қондырғыны қолдануға міндетті болады. Мұнай қалдықтарын залалсыздыру да екінің бірінің қолына берілмейді. Арнайы лицензиясы бар мекеме ғана айналыспақ. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп, бір жыл бойы әзірленген Экологиялық кодекс жуық арада күшіне енеді.  

Зулфухар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:  

Ластаған мекеме жерді 100 пайыз қалпына келтіру керек. Айыппұл төлегеннен гөрі, орнына келтіру әлдеқайда қымбатқа түседі. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу