Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайлов түрлі мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. Қабылдауда 5 адам болды. Олар салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу, отандық өндірушілерді қолдау, экспортты арттыру, кәсіпкерлікті қолдау секілді сұрақтарын қойды.
Жалпы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына келетіндер көп. Биыл 57 қабылдау өткен. 19 министр 600-ден астам адамның проблемасын тыңдады. Әр сұрақ бойынша хаттама толтырылып, құзырлы орындарға нақты тапсырмалар берілді.
Бауыржан Қасабеков, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты:
Бізге Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушылары хабарласты. Олардың көтерген мәселелері - аукционсыз төлемдерден босату туралы сұрақтар. Біз бүгін осы мәселені Премьер –Министрдің бірінші орынбасарына тікелей ұсындық.