Биыл Балпық би Дербісәліұлының туғанына 325 жыл. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қол бастап, ел арасындағы дауда сөз бастаған шешен, әулие болған бидің рухына ұрпақтары құран бағыштап, тағзым етті. Алматы облысының аудандарынан жиналған арнайы делегация Қаратал ауданындағы бірқатар би-шешен, әлуие-әмбиелердің кесенелеріне зиярат етіп, рухани қуаттанып қайтты.
Ел сыйлаған Ескелді би, атақты Айту би, Жолбарыс би, Қарымбай би сынды тарихи тұлғалардың жатқан жеріне ат басын бұрды. Балпық бидің өсиеттерін айтып, тарихи маңызы бар шешімдерін еске түсіріп, ұрпақтар сабақтастығын жалғады.
Болат Қисметов, Балпық бидің 6-шы ұрпағы:
Балпық атамыздың мынандай бір өсиет сөзі бар екен. Басшыларға қарай арналған сияқты. «Отырған жеріңе жамандық шашпа. Жақсылық та, жамандық та дән сияқты. Не шашсаң, соны өзің орасың» депті. «Болар елдің баласы арманшыл келеді, Болмас елдің баласы жанжалшыл келеді». Астарында талай дүние жатыр ғой.
Қуаныш Қанатұлы