Қазақстанда пара беруге негіз болатын 70 себеп бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда пара беруге негіз болатын 70 себеп бар

03.10.2019

Қазақстан бірінші кезекте тұрмыстық жемқорлықтан арылу қажет. Оны мемлекеттік қызметтерді цифрландыру арқылы жою - дұрыс бағыт. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ассамблея өкілдерінің пікірі осы. Ұйымның VIII отырысына әлемнің 40 елінен 130-дан астам шетелдік қонақ келді. Жиын барысында әр мемлекеттің өкілі өз елінің осы саладағы үздік тәжірибесімен бөлісті.  

Айта кетейік, Қазақстанда азаматтарды пара беруге мәжбүрлеген 70-тен астам себеп бар екен. Ең көп таралғаны - жақсы маманда емделу, жұмысқа орналасу, жер телімін рәсімдеу, баланы балабақшаға орналастыру. 

Шакл Әл-Салах, Жемқорлыққа қарсы ұлттық комиссия өкілі (Сауд Арабиясы):

Қазақстан мен Сауд Арабиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан шаралары ұқсас. Мәселен, біздің ел «100 нақты қадам» жобасын іске асырып жатыр. Оның аясында кез келген азамат бюджеттің қалай жұмсалып жатқанын онлайн түрде бақылай алады. Қазақстанда да сондай тәжірибе бар. Жалпы, ақпарат әр тұрғын үшін ашық болса, парақорлықтың алдын алуға болады.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу