Биыл Түркістан-Сібір теміржол магистралінің бойында орналасқан Быжы станциясына – 90 жыл. Мерейтой аясында небәрі 30 түтіні бар бекетте іскер азаматтар күшімен мемориалдық кешен бой көтерді. Түрксіб теміржолының қалыптасуында Быжы станциясының қосқан үлесі зор. Дәл осы бекет маңындағы карьерден магистральдің 70 пайызы қиыршық таспен қамтамасыз етілді. Өңірдегі ең алғаш мұнай базасы да осы бекетте орналасты. Жолаушы және жүк поездардың үздіксіз жүруін қамтамасыз етіп, ел экономикасының күре тамырының дамуына үлес қосқан 150 азаматтың есімі мәрмәр тақтаға жазылды. Бабалар жолын жалғап шойын жолда еңбек етіп жатқан теміржолшылар марапатталды.
Мақатай Сазанбаев, ардагер теміржолшы:Барлық жұмысты қолмен істейді ол уақытта. Техника жоқ. Шпалдарды, рельстерді айырбастаймыз. Подкладкасыз айырбайстаймыз. Осындай жұмыстар көп. Дегенмен жігіттердің көбісі осындай жұмыс істеп, үйреніп, қал жағдайын бәрін түзеді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ