ҚХА жұмысы тек этникалық БАҚ-пен ғана емес, басқа да медиа ресурстармен көрсетілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА жұмысы тек этникалық БАҚ-пен ғана емес, басқа да медиа ресурстармен көрсетілуі тиіс

30.09.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы тек этникалық ақпарат құралдарында ғана емес, өзге де медиа ресурстарда таратылуы керек. Бұл мәселе бүгін мәжіліс қабырғасында көтерілді. Этносаралық келісім бойынша, мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатын бұқара жұртқа жариялаудың жаңа, заманауи тетіктері де қарастырылуы тиіс. «Жекеменшік және мемлекеттік телеарналар да қазақ жеріндегі ынтымақ пен бірліктің көрінісін тиісті деңгейде таратулары керек»,- деді депутаттар. Өзге ұлт өкілдерінің мәдениет саласында жұмыс істей алатын әмбебап мамандарды дайындау мәселесі де көтерілді.

Шаймардан Нұрымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мұғалім болып шығатыны, мұғалім болып шықсын. 4-5-еуі ғалым болсын, анау академияда. Керек жері журналист болсын. Осындай әмбебап мамандар дайындауға мүмкіндік бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу