Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде «Шығыс циркі» атты қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Оған Куба мен Ресейден осы өнердің майталман шеберлері арнайы шақыртылған.
Сонымен қатар, аталған цирк ұжымы тұңғыш рет ертегі үлгісін қолға алып, «Ер Төстік» ертегісі, «Моана» мультфильмі мен өзге де туындылардың желісімен қызықты бағдарламаларды әзірлеуге кірісті. Бұған дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Мәселен, олар таяуда Мәскеуде өткен әлемдік фестивальде жүлдегер атанып, қазақ циркінің мерейін асырды.
Бақыт Бөкебаев, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:
Көбінесе балаларға арналған, оқу жылының басталуына тамаша өнер көрсете алатын, аң-жануарсыз көрсетсек, жыртқыштарды ұстау мәселесі бойынша үлкен әңгімелер қозғалып жатыр. Солардан біз біріншіден ел ойлағандай жаман жағдайда емес, кәдімгі халыққа қызмет қылып, цирк әртісі ретінде өнер көрсететінін көрсеткіміз келеді.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ