Талдықорғанда дін мәселелері бойынша қауырт желі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда дін мәселелері бойынша қауырт желі ашылды

30.09.2019

Кез келген адам 114 номеріне хабарласып, дін саласы бойынша өзін толғандырып жүрген сұрағына жауап алып, арнайы мамандардың кеңесін ала алады. Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жобаны «Ізгілікті істер» қоғамдық қоры қолға алып отыр. Қауырт желі іске қосылғалы 2000-нан астам адам хабарласқан. Түрлі сұрақтарға тұшымды жауапты теологтар, дінтанушы және исламтанушылар жауап беріп, психологтардың түсініктемелерін алуға болады. Сондай-ақ мамандар азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, бағыт-бағдар бере алады. Ал қауырт желіге Қазақстан аумағы бойынша хабарласуға болады. 

Жандос Супабеков, Қоғамдық қор директорының міндетін атқарушы:

Операторымыз дінтанушы керек болса дінтанушыға, немесе психолог қажет болса сол жаққа жолдай алатын болады. Негізгі мақсатымыз әрбір азаматтың көкейінде жүрген сауалдарға, дін саласына қатысты интернет, әлеуметтік желі арқылы таба алмай жүрген сұрақтарына арнайы мамандарымыздан жауаптар ала алатын болады. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу