Көпбалалы аналар тегін оқып, мамандық алуға қызықпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы аналар тегін оқып, мамандық алуға қызықпайды

26.09.2019

Қазақстанда кәсіптен нәсіп тауып отырған нәзік жандылардың қатары артты. Бизнеспен айналысатындардың тең жартысы - әйелдер. Бірақ көпбалалы аналардың арасында еңбекке құлшыныс танытатындар көп емес. Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева осылай дейді. 

Биыл Алматы қаласы бойынша 120 жұмыс орны ұсынылыпты. Елордадан да еңбек күші жетіспейтін кәсіпорындардың тізімі әзірленген. Алайда еңбек етуге 16 әйел ғана ынта білдірген екен. Соңында үшеуі ғана жұмыс істеуге келісіпті. 

Раушан Сәрсенбаева, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті: 

Көпбалалы аналардың көбі жұмыс істегісі келмейді. Сылтаулары көп. Алдымен, АӘК-тен қағыламыз деп қорқады. Бірақ бұл жәрдем уақытша ғой. Кішкентай балаларын үлкендері қарайды. Балабақшаларға да орналастыруға мүмкіндік мол. Бірақ, өкінішке қарай, 4 айда бос жұмыс орнына бірде-бір адам келмеді. 

Әсима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу