«Jetisý Etno Style» жастар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Jetisý Etno Style» жастар фестивалі өтті

27.09.2019

Талдықорғанда «Jetisý Etno Style» атты облыс жастарының фестивалі өтті. Дәстүрлі шара бұл жолы қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. 

Фестиваль аясында ұсталардың шеберлік сағаттары, бүркітші-саятшылардың, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық спорт ойындары ойнатылды. Тарих пен дәстүрді сабақтастырған шарада ауыл жастарының биылғы жылы жеткен жетістіктері жұрт назарына ұсынылды. 

Алматы облысындағы жастар саны 500 мыңға жуық. Биыл өңір басшылары әр аудан-қалаға 10 гектардан жер бөліп берді. Жастар ресурстық орталығының еріктілері бұл жерге түрлі дақыл сеуіп, жақсы өнім алды. Фестиваль барысында үздік жастар марапатталды.

Жомарт Қаратас, Алматы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

Бұл шараның мақсаты - жастарды еңбекке баулу. Жастардың белсенділігін арттыру. Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі шараға әрбір жастардың ұсынысы, қандай бағыт-бағдар, еріктілер мен белсенділер арасында ұйымдастырып отырған шара. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу