Арыс маңындағы жарылыста жапа шеккен үш әскеридің жағдайы – қанағаттанарлық. Науқастар Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальге ауыстырылды. Бұл туралы хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемінің басшысы медициналық қызметтің полковнигі Омаров Ғалымжан мәлімдеді. Оның сөзінше, қазірігі күні әскерилердің беті бері қараған. Тиісті ем-дом алып жатыр. Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан полигон аумағында "оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылып", он сапер жараланған болатын
Ғалымжан Омаров, Әскери медициналық мекеменің басшысы:
Кейбір БАҚ-та әскерилердің жағдайы ауыр дейді. Ол шындыққа жанаспайды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Профильдік бөлімдерге ауыстырылды. Шұғыл әскери госпитальге жеткізілді. Туыстарының кіре алмай жатырмыз дегені де жалған ақпарат. Олар реанимация бөліміне де жіберілді.