Елбасы спикерлер форумына келген бірқатар шетелдік меймандарды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы спикерлер форумына келген бірқатар шетелдік меймандарды қабылдады

24.09.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Еуразиялық спикерлер форумына келген бірқатар шетелдік мейманды қабылдады. Алдымен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Мун Хи Сун мырзамен кездесуі барысында Тұңғыш Президент екі ел арасындағы стратегиялық байланыстың маңызын атап өтті. Қос мемлекет те саяси және экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік және солтүстік Корея арасында диалог орнату ісіне де зор қолдау білдірді.

 Елбасы форумға келген Сауд Арабиясы Корольдігі аш-Шура Межлисінің Спикері Абдуллах Әл-Шейхті де жеке қабылдады. Қазақстан мен Сауд-Арабиясы арасында достық сипаттағы қарым-қатынас орнаған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Арабия тарапынан біздің елге белсенді қолдау да болды. Бұл көмекті біз ұмытқан жоқпыз деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Сондай-ақ Елбасы Оман мемлекетінің аш-Шура Межлисінің Спикері Халид Әл-Мауалиді қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Араб республикасымен біздің мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. «Логистикалық қиындықтарға байланысты қазіргі таңда сауда көлемі төмен деңгейде. Осыған байланысты қазір Каспийден Иранға апаратын теміржол салынды. Енді тауар тасымалдауға мол мүмкіндік бар»,- деді Елбасы.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу