Үлкен Еуразия: Диалог, сенім, серіктестік. Елордада осындай атаумен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі өтті. Шара Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығына орайластырылып отыр. Жиынға 60 тан астам елдің парламент спикерлері, 15 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Қазақстанның басты ұстанымы – Еуразияны елдер арасында болатын қарама-қайшылықтарға, сондай-ақ жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы бірлесіп, ұжымдық шешу алаңы ретінде серіктестіктің түбегейлі жаңа моделін енгізу.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы:
Біз заң шығарушы органның қызметіне зор мән береміз. Қазақстан депутаттары шетелдік әріптестерімен кең қауымды байланыс орнатып, мемлекетаралық достықты нығайта түсті. Елдеріміздің жоғары өкілді органдарының депутаттары Еуразиядағы ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтеді деп сенемін.
Леонид Слуцкий, РФ Мемлекеттік думасы халықаралық істер комитетінің төрағасы:
Парламентаралық, еларалық байланыстың есебі дәл осы Нұр-Сұлтан қаласынан басталады деп айтуға болады. Себебі Қазақстан мен ынтымақтастық деген егіз ұғым. Бүгінгі жиын, Еуразия континентінде экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуға жаңа серпін береді деген сенімдемін.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ