Ақтөбеде жүрек сырқатына шалдыққан сәбилер саны жыл сайын 5 пайызға артып келеді.
Облыстық балалар клиникалық ауруханасында осындай диагнозбен 100 ден астам сәби тікеуде тұр. Өкініштісі, 1 жасқа жетпей шетінеп кететіндері де жоқ емес. Сондықтан, дәрігерлер баланы жоспарлап жүрген ерлі-зайыптыларға міндетті түрде медициналық тексерістен өтуге кеңес береді. Фаст-фуд пен зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Өңірге арнайы келген елордалық мамандар соңғы төрт тәулікте 80-нен аса баланың денсаулығын тексерді. Он сәбиге Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа жолдама берілді.
Сағидолла Досмағамбетов, облыстық Балалар ауруханасының дәрігері:
Ең қиындығы – тек даму ақауы емес жүректің, қазір соңғы кезде қосымша бірнеше даму ақауы болып, күрделі болып, сол кезде бізге қиындау болады. Сол кезде болмаса, астанаға жіберіп,астанада екі орталық бар, болмаса осы жерге шақырып, біздер көрсеткіш қойып, операция жасаймыз.
Жақсыбек КЕМАЛ