Елімізде IT саласының мамандары үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру керек. Бұл олардың шетелдік компанияларға жаппай кетуін тежейді,-дейді Қарағандыда өтіп жатқан екінші халықаралық IT форумға келген сарапшылар. Шараның мақсаты осы саланың құрылымын дамыту мен түйткілдерін талқылау және тың ай-ти жобаларды таңдау. Осы орайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, отандық және халықаралық спикерлердің қөатысуымен лекциялар, воркшоптар, сандық технологиялар көрмесі ұйымдастырылған. Айта кету керек, шетелде ірі компаниялар ай-ти қызметтерді арнайы фрилансерлік алаңдарда, жеке сайттарында жариялау арқылы алып отырады. Сондықтан біздің мықты мамандарымыз қызметтерді елде жүріп-ақ атқаруға болады. Ол үшін арнайы орталықтар ашып, ресурстық жағдай жасау қажет. Бұған қоса отадық ірі компаниялар да ай-ти саласын жетілдіру үшін өз мамандарымызды барынша қолдап, олардың өнертабысын пайдаланғаны абзал. Үш күн бойы өтетені форумда осындай келелі мәселлеер талқыланады.
Бағдат Мусин, ІT сарапшы, кәсіпкер:
Қазір көптеген ай-ти мамандар мынау шетелге кетіп жатыр. Неге? Өйткені олар бірінші сол жақта жақсы ақша табамын деп ойлайды. Мен ойлаймын ол бірінші мәселе емес. Біріншісі олар өздеріне лайықты атмосфера іздейді. Орта іздейді. Олар ай-ти мамандары көп жерге барғысы келеді. Олармен сөйлескісі келеді. Сондықтан осындай шараларды өткізу ол өте орынды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ