Соңғы жылдары елімізде қымыз өндірісі дамып келеді. Желіде жылқы байлайтын жеке кәсіпкерлерден бастап, бие сүтін өндірістік көлемде өндіретін кәсіпорындар да пайда болды.
Мал бордақылау кешендері еліміздің барлық аймағында бар. Және олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Өйткені, үкімет ет өндірісін дамыту мақсатында бірнеше бағдарламалар қабылдаған. Мәселен, етті ірі қараны көбейтіп, бордақылау кешендерін салғысы келетін қожалықтарға мемлекеттік тараптан көмек беріледі.
Қызылорда өңіріндегі жалғыз жылыжай Жаңақорған ауданында орналасқан. 70 сотық жерден жылына 100 тоннадан астам өнім жиналады. Фермерлер алдығы уақыттата тағы бір жылыжай салуды көздеп отыр.
Балық тұтыну көрсетікіші бойынша Атырау облысы алдыңғы орында тұр. Аймақ тұрғындары жылына 22 келіге дейін балық жейді екен. Ал, Астанада бұл көрсеткіш 10 келіге де жетпейді.
Осы шаруашылықтармен танысып қайтқан тілшілеріміздің материалдарын толығырақ «Агробизнес» бағдарламасынан көріңіздер.